«Балбөбек»бөбекжай балабақшасы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Сынтас елді мекені Бәйдібек  №35 А көшесінде ғимаратта орналасқан. Балабақшамыз келешекте ел басқарар, жер суына иелік етер, еліне халқын гүлдендірер, мәртебесін биіктетер, жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы МКҚК типттік  2013жылдың шілде айыннан  бастап 2 топта 25 баладан 50 баламен  іске қосылып, оқу тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Жаңа үлгіде типттік ғимаратта орналасқан. Ғимарат екі қабаттан тұрады.Топ бөлмелері, жатын бөлмелері, қабылдау бөлмелері бар. 2020 жылдың қараша айыннан бастап балабақшамыз конкурсқа қатысып, 50 бала қосылып 100 баламен жұмыс жүргізіп келеміз. Балабақшамыздың қуаттылығы 100 орындық. Балабақшада 100 бала тәрбиеленіп, 4 топпен 28 қызметкер жұмыс атқарып келеді. Балабақшамызда білікті де білімді педагогтарымыз жұмыс атқаруда. Оқу тәрбие үрдісіне 13 педагог мамандарымен қамтамасыз етілген. Онда жоғары білімдісі-11, орнаулы орта-2. Аумағы түгел қоршалған, аула өсімдіктермен толық көгалдандырылған.

Балабақшамызда  жас ерекшелігіне байланысты Ерте жас «Балдырған» тобы, кіші топ «Сұңқар» тобы, ортаңғы топ «Балауса» топ, ересек «Бәйтерек» топтары бар. Барлық топтарда жатын бөлмелері,ойын-тамақтану, әжетхана-жуыну бөлмелері бар. Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті, музыка залы,мед бике кабинаттері орналасқан. Балабақшаның ғимаратында ас блогы мен кір жуу бөлмесі қойма орналасқан.Топтар қажетті жабдықтармен, көрнекі оқу құралдармен жабдықталған. Санитарлық-гигеналық талаптарына сай мекемеде ылғалды жинау жұмыстары заласыздандыру заттарын қолдана отырап   күнделікті тазалық жұмыстары жүргізіледі.

«Балбөбек»бөбекжай балабақшамызда оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарын басшылыққа алып жұмыс жасауда. Балабақшамыз мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмысын 1-5 жас аралығында жасөспірімдер арасында іске асырады және олардың денсаулығы қорғауды  қамтамасыз ете отырып, жеке ерекшеліктерін дамытады. 5 жасқа дейінгі балалардың ересек тобының жалпы білім беру бағдарламасына сай жүргізіледі. Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында педагогикалық ұжымның теориялық және теориялық деңгейін көтеру мақсатында бір жылға іс-шара кестесі құрылған. Барлық топтарды баланың жас ерекшелігіне қарай топтастырып бөлінген. Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған түрлі материалдары мен көнекілік құралдары баланың жасына сай жасалған. Топтарға қазіргі білім беру стандарттына оқыту жүйелері қарастырылған. Балабақша бес күн бойы жұмыс жасайды. Сенбі, жексенбі күндері демалыс. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізгіденде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  негізігі ережелеріне сүйеніп жүргізіледі. Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып,оның дәлелдігі тексеріліп медбике қадағалап отырады.Әр айда күн тәртібіндегі бала өмірін ұйымдастырылуын қадағалап бақылау жүргізіліп отырып және оған талдау жасалады. Балабақшада балалармен жүргізілетін оқу қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақшада жұмыс барысын реттейтін келісім шар түзілген:

-Ұжымдық шарт

-Басшымен келісім шарт

-Ата-аналармен келісім шарт

Балабақшамызыдың педагагтары жоғары білімді мамандықтарды балабақшаға сай келгендіктен жұмысқа қабылданады. Балабақшада тәрбиешілер балаларға білім беруді аянбай еңбек етуде. Ұйымдастырылған оқу қызметтерін жаңартылған бағдарлама бойынша осы оқу жылының басынан бастап бастап жұмыс жүргізіп келеді. Төрт топта шығармашылық тақырыптармен жұмыс жасайды. Карантин талаптарына байланысты балабақшамызға кіру үшін ASHYO қосымшасы орнатылған.