Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкес «Балбөбек»бөбекжай балабақшасында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандартты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылды.Балабақша аптасына 5күндік жұмыс істейді,сағат 7.30 бастап 18.00сағатқа дейін.Балабақшада 4(төрт)топ бар.
1.Ерте жас –«Балдырған»тобы
2.Кіші топ-«Сұңқар» тобы
3.Ортаңғы-«Балауса» тобы
4.Ересек-«Бәйтерек»тобы
Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.Ұлттық құрамы бойынша балабақшада қазақ балалар тәрбиеленеді.Басқа ұлт өкілдерінен жоқ.Педагогикалық ұжым балаларға тәрбие мен білім берудің сапасын көтерумен жетілдіруге байланысты.Мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіледі.Тәрбиеленушілердің мемлекеттік білім беру стандартын игеру деңгейі бағдарламалардың барлық тараулары бойынша іске асырылуда.
2021-2022 оқу жылында «Балбөбек»бөбекжай балабақшасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірінің «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018жылғы 31 қазандағы №604бұйрығына өзгерістер толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбиемен оқытудың үлгілік жоспарын бекі ту туралы» Білім және ғылым министірінің 2020жылғы 5 мамырдағы №182бұйрығы және 2021-2022 оқу жылындағы әдістемелік нұсқаулық хатты басшылыққа ала отырып,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің мектепке дейінгі ұйымдары қызметтің үлгілік қағидалары 2018жылғы 30қазанда №595,Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2016жылғы 12-тамыздағы №499бұйрығын және «Қазақстан Республикасында Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2012жылғы 20желтоқсандағы №557бұйрығына сүйене отырып,әр топтың оқу жоспары дайындалды.Қазақстан Республикасының Денсаулық министірінің 2017жылы 17-тамыздағы №615 бұйрығы «Мектепке дейінгі ұйымдары және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын басшылыққа ала отырып балабақшаның оқу жоспары жасалынды.Барлық жас топтарында үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған.Үлгілік бағдарлама мазмұнының іске асыру балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне ескере отырып оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары негізінде жүзеге асырылды.Жылдық жүктеме Ересек «Бәйтерек»тобында «Денсаулық»білім беру саласы бойынша-108 сағат. «Қатынас»-90, «Таным»-90, «Шығармашылық»-126, «Әлеумет»-18 сағат.Барлығы 402 сағатты құрайды.
Ортаңғы «Балауса» тобында «Денсаулық»білім беру саласы бойынша -108сағат, «Қатынас»-72, «Таным»-90, «шығармашылық»-108, «Әлеумет»-18 сағат.Барлығы-396 сағат құрайды.
Кіші «Сұңқар» тобы «Денсаулық»білім беру саласы бойынша-108сағат, «Қатынас»-36сағат, «Таным»-72 сағат, «Шығармашылық»-108сағат.Барлығы-324сағат.
Ерте жас «Балдырған» тобы «Денсаулық»білім беру саласы бойынша-108сағат, «Қатынас»-36сағат, «Таным»-36сағат, «Шығармашылық»-72сағат.Барлығы-252сағат
Педагогтар төмендегідей мақсатты алға қойа отырып,жұмыс жасайды:
Әр бір баланың белсенді тұрақтығын оның бейімделу мүмкіндігін дамыту үшін оңтайлы денсаулықты жасау ортасымен денсаулықты сақтауды нығайту
Өзіне және қошаған адамдарға пайдасын тигізу үшін,мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тарату мақсатында еңбек қызметінің түрлері мен мазмұннын жандандыратын үйлесімді бағытты енгізу.
Ата-аналардың балаларға инновациялық көзқарасын қалыптастыру мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекеті мазмұнымен түрлерін меңгеруде үйлесімді бағыт іздеу.






