«Балбөбек» бөбекжай балабақшасында атқарылған іс-шаралар

2021-2022 оқу жылында балабақшада 100тәрбиеленуші тәрбиеленді.4 топта жұмыс істеді.Балабақшада 13педагог қызметкер,олардың ішінде  орсы-тілі мұғалімі,ән жетекшісі,психолог және 4топта сегіз тәрбиеші жұмыс атқарды.Мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың заман талаптар деңгейінде жүргізу мақсатында балабақша топтары керекті жиһаздармен толықтырып , оқу – дидактикалық  материалдар,әдістемелік құралдармен қамтылды. Жаңа оқу жылында безендірулер жаңартылды. Денсаулық саласы бойынша қыркүйек айында «Біздің әсем бақшамыз! тақырыбында эстафеталық жарыстар, қазан айында «Мен спортты сүйемін»  әстафеталық жарыс,қараша «Біз болашақ жас ұлан» топ аралық шаралар, желтоқсан айында «Тәуелсіздік ел тірегі» ұлттық ойындар ересек тобында өткізіліді.  Оқу жылында 5 педагогикалық кеңес,  өндірістік  кеңес 7 рет өткізіледі. Олар мектепке дейінгі тәрбие мен оқутудағы өзекті  мәселелер, бала денсаулығын нығайту және шынықтыру , балалардың танымдық қабілетін  писхофизикалық денсаулығын сақтай отырып дамыту, ата-аналар арасындағы педагогикалық ағарту жұмысын белсенді жүргізу.Ата –аналарды бала тәрбиесіне тарату, жазғы сауықтыру мерзімін сапалы жүргізу және педогогтар құзіреттілігін арттыру мәселеріне арналады.   

Тәрбиешілер  арасында іскер әдіскерлікті оқып үйрету үшін кеңестер өткізілді.

Қауіпсіздік мектебінің жұмысы бойынша жолда жүру ережелерін үйрету, өмір қауіпсіздік шаралары бойынша жұмыстар жүргізілді. Педагогтар  арасында оқу-дидактикалық материалдармен, әдістемелік  құралдармен толықтыру көрнекіліктер байқаулары  өткізілді. Шығармашылық саласы бойынша балалардың салған суреттерінен «Менің тату отбасым»атты көрме қойылды. Осы 2021-2022 оқу жылында балабақша көлемде әр бір топта ашық оқу қызметі өтті. Бұл оқу қызметі барсында балалар сөздік қорларын байытып, сөйлеу тілін дамытып, сөйлем құрап жүйелі сөйлеуге үйренді.Балалар тіл туралы өлең  тақпақтар мен мақал-мәтелдер, тиым сөздер, өнегелі әдептер мен қанатты сөздер үйренеді .Тіл мерекесіне балабақша топтары арасында апталық өткізді. Ересектер  «Бәйтерек»тобының  балаларымен «Тіл халық қазынасы» атты ашық оқу іс-әрекет өткізілді ашық оқу –әрекетке балалар жақсы қатысып өздерінің  білімдерін көрсете білді .Әр топтағы тәрбиешілер мен    бірге саз жетекші «Білім күні»  мерекесі өткізді.                                                                                                                                                                                   «Ана тілім –ардақтым» тақырыптық  оқу қызметін саз жетекші  Б.Найман  өткізді. «Жолда жүру ережесін сақтайық» тақырыптық  оқу қызметін Касимбаева Айгерим  өткізіп,тәрбиешілер  педагогикалық  әдіс-тәсілдер бойынша пікір аламасты. «Мақта қыз бен мысық»атты тақырыпта Ересек тобына Есжанова Қарлығаш ашық ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Қараша айында Қатынас саласы бойынша Ортаңғы топқа Әріпбай Ұлжалғас «Үй жануарлары» тақырыбында  ашық ұйымдастырылған оқу қызметі өткізілды. Барлық топтар арасында «Күз сыйлықтары» тақырыбында көрме ұйымдастырылды

2021-2022 оқу жылындағы «Балбөбек» бөбекжай балабақшасы ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері

2021-2022 оқу жылында «Балбөбек» бөбекжай балабақшасында өткізілетін жалпы іс-шаралар